«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында №18 мектебінің 9 сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында «Әр түрлі мамандық мамандарымен кездесу» атты кездесу өтті. Кездесу барысында барлық шақырылған қонақтар қатысып, кездесудің маңыздылығы туралы айтып, ел ішінен шығып, бүгінде жастар арасында танымал болып жүрген, өз еңбектері мен тәжірибелерін бөлісуге келген жастарға өз алғыстарын жеткізді. Жұмысшы мамандықтар – біздің қоғамның маңызды бөлігі. Оларды бағалай білу, дамыту және насихаттау – біздің ортақ міндетіміз. Жұмысшы мамандықтар – бұл тек физикалық еңбек емес, сонымен қатар, білім мен шеберлікті қажет ететін мамандықтар. Көптеген мамандықтар өз ісінің шебері болуды, нақты білімді, тәжірибелі және шыдамды болу қажет. Өз мамандығын игерген адамдар өз қолымен материалдық құндылықтарын жасап, қоғамға нақты пайда әкелу екендігін есінде сақтағаны жөн. Балалар тарапынан қонақтарға қызықты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Іс-шара өте маңызды және қызықты өтті.