29 қаңтар күні № 3 балалар кітапханасында «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» жобасы аясында кітапхана оқырмандарына Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Жұбан Молдағаливтің туғанына 105 жыл толуына орай «Ақын және азамат» атты әдеби сағаты өткізілді. Жүргізуші балаларды жазушының өмірбаянымен, оның шығармашылық қызметімен таныстырды. Іс-шара ақын Ж.Молдағаливтің өмірі мен ерлігі туралы бейнефильм көруден басталды. Жұбан Молдағалиев — қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, оның өлмес өлеңдері мен поэмаларында патриот пен ержүрек адамның жүрегі соғады. Ақын «Мен — қазақпын» поэмасында қазақ халқының тарихы туралы, өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Оқушылар «Мен — қазақпын» поэмасынан үзінділер оқыды. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.