Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері өтеді.
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларымен көрнекті ақын, Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды. Осыған орай 2025 ж. 6 ақпан күні №14 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада «Ақын — елдің ардағы» атты әдеби сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар жазушы Т. Әлімкулов пен акын Ж. Нәжімеденовтың өмір жолымен таныс болды. 7 сынып оқушысы Медетұлы Нұрдәулет ақын Ж. Нәжімеденовтың «Алдыра бермеді ғой биік маған» өлеңің мәнерлеп оқыды. Шара соңында балалар арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныс болды.