«Ақын — ел шежіресі»

4 қыркүйек 2021 ж.  Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Орталық қалалық кітапханасының Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медалінің иегері, ақын Арман Қанидің «Замандастар» жыр жинағы бойынша қаланың зиялы қауым өкілдерімен шығармашылық кездесу болып өтті.

Аталмыш шараға Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зәуре Әбусағитқызы, қаланың зиялы қауым өкілдері және кітапхана меңгерушілері, кітапхананың тұрақты оқырмандары да қатысты. Шараны Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Төлегенұлы Нұғыман жүргізді.

Ақын Арман Қани орталық қалалық кітапханаға «Замандастар» атты жыр жинағын сыйға тартты. Оқырман жүрегінен орын ала білген қаламгердің шығармалары әр жастағы жыр сүйер қауымның арасында кеңінен танымал. Кітапханада өткен ақынмен кездесу сұхбат түрінде ұйымдастырылып, шара барысында автор өзінің жаңа өлеңдерін оқып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Шараға қатысушылар, оқырмандар  кітап авторына көкейдегі сауалдарын жолдап, оларға тұшымды жауаптар да алынды.

Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптарынан, жергілікті мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалаларынан «Ақын — ел шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.