Ауған соғысы 30 жыл бұрын аяқталды. Кеңес әскерлері отанымыздың шекарасын қорғап, әскери борышын лайықты орындады. Бұл жара біздің есімізде және осы алыс елде ұлдарын жоғалтқан әке-шешеміздің есінде мәңгі сақталады. Ауғанстан да қаза тапқандардың барлығына 15-ші ақпан еске алу күні. Оқушыларды азаматтыққа , отаншылдыққа, борыштық сезімге, батырлыққа, интернационалист жауынгерлерді үлгі тұту мақсатында тәрбиелеу. Өткен ғасыр тарихына қызығушылық арттыру және де аға буындарға құрметпен қарауды дағдыландыру. 19 ақпан күні Ленинский кентінің №3 көпшілік кітапханасында «Соғыстың тірі куәгерлері» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға шақырылғани жауыңгер-интернационалисттер мен жердестеріміз: Амантай Кайырденұлы Рахимов, Олег Григорьевич Соболь, Ержан Алшынбайұлы Касанов, Тимур Жасланұлы Аужанов, Досымбек Таубасарұлы Рахметов, Кенжебай Мүбәракұлы Амиров, Төлеген Жанатұлы Какумбаев. Павлодар қаласы бойынша «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық қор» басқарма мүшесі Абылай Құнанбайұлы Кенесбаев балалар алдында сөз сөйледі. Балалар Ауғанстан Республикасының шайқасы ауыр және қиын күндер кешкені жайлы білді. Шара барысында, қатысушыларға Ауғанстандағы соғыс деректерін және оқиғасын бейнеклипте көрсетіліп, ән шырқалып, спорт мектебінің балалары олимпиадалық резерв «Батыр» қонақтар алдында өнер көрсетті. Ауған жерінде орын алған ауыр қайғыны түсінгендігі балалардың көзінен көрінді.Қанша адам қаза тапты, қаншасы жараланды, ауғандардың денесі мен жандары қаншама зардап шекті. Ауғанстан аумағынан әскер шығарған сәттегі қаза тапқан адамдар саны адам шошырлық. Сол соғыстан қайтып келмегендер құрметіне бір минуттік үнсіздікпен еске алды. Ауған соғысының ардагері Кенжебай Мүбәракұлы Амиров гитарамен әскери ән орындады. Іс-шара соңында интернационалист жауынгерлер мен қонақтар бағалы сыйлықтармен марапатталды.