2018 жылдың 8 қазан айында №6 балалар кітапханасының оқу залында № 5 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысумен «Құқықты білуге барлығы құқылы» атты ақпарат күні өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға баланың негізгі құқықтары жайында ақпарат беру. «Құқық», «Міндет» деген сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру, оқушылардың әлеуметтік-құқықтық деңгейін көтеру.
Оқушыларға адам құқықтары туралы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беріліп, құқық жайында ой жүйелері дамытылды. Өз елінің «Ата Заңына» бағына отырып, әрбір азамат өз құқығын қорғай білуге және барлық адам тең құқылы екендігін түсіндірілді.
Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу 1959 жылдың желтоқсанында Декларацияны жариялаудан басталғаны туралы ақпарат берілді. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Нью-Иоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джемс –Грантпен бірге «Бала құқығы туралы конвецияға» қол қойғаны жайында әңгіме өрбіді.
Балалар белгілі тақырыптағы «Қылмыскер балалар қайдан шығады» атты викторинаға және «Шуақсыз күн» атты ойынға белсене қатысып, терең түсініп саралай алды. Соңында кітап көрмесі мен кітаптарға шолу ұсынылды. Қатысқандар 17 адам.