«Анықтамалық басылымдар – білім қазыналары»

19 қантарда №43 жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушыларына «Анықтамалық басылымдар – білім қазыналары» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Оқушылар кітапхана қорындағы анықтамалық басылымдармен танысты. Балалар энциклопедиялардың құрылымы, сөздіктердің қандай түрлері және қандай анықтамалықтар бар, оларды қалай оңай және жылдам қолдануға болатынын білді. Балалар энциклопедияларды қызығушылықпен қарап, тапсырмалар алды, анықтамалық басылымдармен жұмыс жасап, сыныптастарымен жаңа біліммен бөлісті. Материалды бекіту үшін оқушылар «Барлық туралы» викторинасының сұрақтарына жауап берді.

Комментарии запрещены.