Ұлт және конфессия аралық келісімді нығайту, терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ террористік және экстремистік идеология көріністеріне төзбеушілік ахуалын құруға бағытталған қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында 27 маусымда сағат 11.00 Ленин кентінің №3 көпшілік кітапханасында «Экстремизм – жоқ!» ұранымен «Терроризм қаупі» өзекті әңгіме сағатты өтті. Кітапханашы Б. Г. Елемесова Қазақстан — демократиялық, құқықтық зайырлы мемлекет екеніне, назар аударды.
Кездесуге Ысқақ Хазрет наиб-имамы, Никольск храмының дін қызметшісі, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер шақырылды. Іс-шара барысында әлемдегі терроризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі аспектілері қозғалды, бұдан әрі қатысушылар жастардың террорлық дүниетанымының қалыптасуының себебін түсінуге тырысты. Бүгінгі таңда республиканың басты байлығы, біздің тату көпұлтты халқымыз екенін айтты. «Терроризм — қоғамға төнген қауіп» атты алдын алу көрмесі ұйымдастырылды. Қорытындылай келе, экстремизм бүгінде қауіпсіздіктің маңызды проблемаларының біріне айналды. Біз республиканың тұрақтылығы мен әл-ауқатын сақтау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.