Қыркүйектің 4 күні Қазақстан халқының Тілдері күніне орай №43 орта мектептің 4 сынып оқушылары үшін «Ана тілім, күмбірле сарайымда!» атты әдеби-сазды композиция өткізілді. Тіл – халықтың жаны. Ана тілін үйренуге мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілуде. Оқушылар шараға белсене қатысты.Отан туралы, ана тілі туралы қазақ және орыс тілдерінде тақпақтар оқыды, жұмбақтар мен викторинаның сұрақтарына жауапты үш тілде берді, сөз тіркестерінің мағынасын ашты. Балалар «Шаттық шеңбері» әнін айтты. Кітап көрмесіне шолу жасалды.