«Ана тілді асқақтатқан ұлы елім» тәрбиелік сағаты

2018 жылғы 5 қыркүйекте № 5 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 сынып оқушылары үшін, Орталық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған «Ана тілді асқақтатқан ұлы елім» атты тәрбие сағатын өткізді.

Кітапханашы Самчук Ольга Александровна осы мерекенің тарихы, Қазақстанда қанша диаспора тұратындығы туралы , мемлекеттік тіл – қазақ тілі бола тұра, әрбір диаспораның өз ана тілінде еркін сөйлесе алатындығы туралы қысқаша айтып берді. Іс-шараны «Халық аспаптарының сиқырлы дыбыстары» атты музыкалық байқауымен жалғастырды, қатысушылар әуенді тыңдау арқылы қай ұлттық мәдениеттің әуеніне тиесілі екенін айтты. Әңгіме барысында оқушылар қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін және ұлтаралық қарым-қатынас тілдерінің бірі ретінде орыс тілі – біздің еліміздің достығын, қарым-қатынасын және тығыз байланысуын нығайтуға ықпал ететіндігін растады. Содан кейін балалар «Қазақстан» туралы сұрақ-жауапқа қатысып, мақалды тыңдап қандай ұлт туралы әңгімеленгенін тапты.

Іс-шараның ақырғы бөлігінде осы атаумен кітап көрмесіне шолу жүргізілді. 29 адам қатысты.

Комментарии запрещены.