22 мамыр күні №3 көпшілік кітапханасында қазақтың белгілі әнші, композиторы Майра Шамсутдинованың туғанына 135 жыл толуына орай «Ән еркесі – әнші Майра» атты музыкалық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды қазақ музыкалық мәдениетінің жарқын өкілі Майра Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның ұлттық өнерді дамытуға қосқан зор үлесіне құрмет білдіру. Кітапханашылар қазақ тарихындағы алғашқы әйел орындаушылардың бірі – Майра Шамсутдинованың өмірбаяны жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Оның әндері бүгінгі күнге дейін сахна төрінен түспей, өз маңызын жоғалтпаған. Іс-шараға қатысқан мектеп оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен қазақ музыкасының жанашырлары Майраның күрделі де жарқын шығармашылық жолы туралы қызығушылықпен тыңдады. Шара аясында қазақтың музыкалық мәдениетіне арналған басылымдар, ән жинақтары және Майра Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығына қатысты материалдар қойылған кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды.