«Әлемді құтқаруға кешікпе» экологиялық флюгер

18,19 маусым күндері № 10 көпшілік кітапхананың коворкинг залында  әртүрлі жастағы топтың балаларына және № 17, 24 мектеп ішіндегі лагерінің оқушыларына арналған «Әлемді құтқаруға кешікпе» атты (ақпараттық күнлер) экологиялық флюгері өтті. Бұл шараны Абрамова И.В., Займолда Р. және Пихлик Н.И. екі тілде өткізді.

Шара басталар алдында теледидар экранынан балаларға «Әлемдегі экологиялық мәселелер», «Қоқыс континенті», «Тынық мұхитқа пластикадан жасалған  жағымсыз дақтары қауіп төніп тұр», «Кариб теңізіндегі қоқыс аралы», «Төгілген мұнайдың зардабы», «Адамзат прогрессіндегі ең ірі 5 қоқыстары», «Әлемнің ең ірі әрі қорқынышты экологиялық зардаптары» атты бейнероликтері көрсетілді және осы тақырыпта балалар «Бұл тіпті ол туралы емес» атты мультфилмімен танысты.

Әрине, көрген қорқынышты бейнероликтерден балалардың көңіліне қатты әсер етті. Әлемдегі экологиялық зардаптарының мөлшері адамзатты алаңдатады. Бүгінгі балалар мына ластанған әлемде уланған ауамен демалады, уланған суды ішеді.  Жүргізушілер тыңдармандардың алдында Жер планетасындағы экологиялық зардаптары туралы, сондай-ақ осындай экологиялық мәселелер Павлодар облысы мен Қазақстанда да бар екенін ашып айтты.

Бір кездері аумағы бойынша бүкіл әлемде 4 орын алған Арал теңізінің бүгінгі жағдайы нашар, тіпті жоғалып кетті десе де болады. Теңізде балықтың 34 түрі болды соның 20 түрі аулауға пайдаланды. Арал теңізіне ағатын Сырдария мен Әмудария өзендерін каналдар арқылы Өзбекстан мен Тәжікстан жеріндегі мақта  алқаптарын суару үшін  пайдаланды. Адамзат жасаған осындай мәселелер Қазақстанға экологиялық катастрофалар туғызды. Осындай жағдай Қытайдан бастау алатын Павлодардағы Ертіс өзеніне де қауіп төніп тұр. Жүргізушілер осы тақырыпта  және басқа да экологиялық мәселелер туралы коворкингтің жас оқырмандарына айтып өтті.

Ластанған өндірістік қалдықтарының зардабы қоршаған ортаға — Ауаға, суға, топыраққа зиян келтіреді. Осының бәрін тоқтататын адамзаттың өз қолында. Қорытынды ретінде жүргізушілер  «Қоршаған ортаны қорғаңдар! Орманда, далада, саяжайда от жақпаңдар. Қалдықтарды тек қана арнайы қоқысқа арналған орындарға жинаңдар. Табиғаттың қорғаушылары болыңдар! Әлемді құтқаруға кешікпеңдер!» деп балаларға ақыл-кеңес берді. Шара соңында балалар экологияға байланысты 40 дана әдебиеттермен танысты.Қатысқандар саны:30+35.Екі күнде барлығы 65 адам болды.

Комментарии запрещены.