28.02.2024 ж. Ертіс-Баян өңірінің дарындар көшін жалғаған танымал ақын, қайраткер, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Арман Қаниды «Алаштың Арманы» атты еске алу кеші өтті. Ақының өмірін сағынышпен еске алған ақынның жары Бақыт Аханбайқызы, жиені Алуа Бастеми атасының өленінің оқыды. Зиялы қауым өкілдері Социал Әйтенов, Ғабит Сапаров Арман Қани туралы естеліктерімен бөлісті. Кеште оның бірнеше өлеңдері оқылып, ақын Айбек Оралхан, Алпысбай Хонж өз шығармаларын арнады. Кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен еңбек жолы туралы арнайы көрме ұйымдастырып, бейнебаян көрсетті. Ақын Арман Қанидың шығармашылығы қазақтардың баға жетпес байлығы болып табылады. Халықтың жадында шығармашылықтың қайталанбас жолынан өткен таланттың жарқын бейнесі мәңгі қалады. Қатысушылар арасында ақынның отбасы, зиялы қауым өкілдері, №17, №6 ЖОББМ оқушылары, Б. Ахметов ат. және М. Қанапиянов ат. жоғарғы колледжінің студенттері мен ақындар, және кітапхана ұжымы т.б. қатысты.