31 мамыр күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Алаш қырандарына тағзым» атты тарихи сағат өтті. Кітапханашы 20 ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ашаршылық туралы және «ұлтшыл» деп айып тағылған Алаш қайраткерлерінің тұтқындалып, ату жазасына кесілгені жайлы айтып берді. Тарих сағатына қатысушылар 30 -жылдардағы ашаршылық құрбандарын және сол кездегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, өз ойларымен бөлісті. Оқырмандарға «АЛЖИР» лагері жайлы видео көрсетілді.