5 қараша күні кітапхана қызметкері Шығыстың ғұламасы, ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай N21 ЖОББМ 7 сынып оқушыларына «Әль-Фараби — Ұлы даланың даңқты ұлы» тарихи-танымдық сағат өткізді. Кітапханашы жиналғандарды алдымен ғалымның өмірбаяны мен ғылыми еңбегімен таныстырды.Сондай-ақ бағдарламада «Шығыстың көрнекті ойшылы» бейнебаянының тұсаукесері, «Екінші ұстаздың» даналық сөздері оқылып, «Алматыда әл-Фараби орталығының ашылуы» тақырыбында бейнерепортаж көрсетілді. Шара студенттердің әл-Фарабидің эсселерінен үзінділерін оқумен аяқталды.















