13 маусым күні № 29 мектеп жанындағы лагерьдің балалары үшін әкелер күніне арналған «Әке – отбасы тірегі» ойын бағдарламасы өткізілді. Қазақстанда Әкелер күні алғаш рет 2023 жылы ресми түрде атап өтілді. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген және әр жылы маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады. Ойын бағдарламасында: әке, отбасы туралы әңгіме; отбасы туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешу сайысы; сұрақ-жауап ойыны; қозғалысты ойындар: Кім жүйрік! Кім епті!, «Менің бауырым»; Логикалық сұрақтар.