«Айналамдағы мамандықтар»

Мамандық таңдау — бұл өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. 2025 жылдың 24 сәуірінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Павлодар қаласындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларына «Айналамдағы мамандықтар» атты маман күні өтті. Шараға краншы Амирова Айнура Сарсенбайқызы шақырылды. Ол өз мамандығының ерекшеліктері туралы айтып, балалардың сұрақтарына ықыласпен жауап берді.Жүргізуші, кітапханашы балаларға мамандықтардың кең әлемі туралы, әр адамның таңдау мүмкіндігі туралы, қазіргі уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігі туралы айтып берді. Балалар қазіргі таңда жалпы елімізде, оның ішінде қаламызда қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін талқылады. Балаларға «Мамандығым – менің болашағым» көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалды.

 

Комментарии запрещены.