26 наурызда «Балалар кітабы және музыка апталығы» аясында кітапхана оқырмандары үшін балалар ақыны Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған «Айна бұлақ» ертеңгілігі өткізілді. Мүбәрак Кәрімұлы – журналист, балалар ақыны. М. Жаманбалиновтың шығармалары қызықты да тағылымды, күлкілі де салмақты, оқуға, есте сақтауға оңай. Оның шығармаларының кейіпкерлері балалар, құстар, жануарлар. Балалар Жаманбалиновтың «Жалқаубаев күнделігі», «Алтын қолды шебер», «Торғай» және т. б. өлеңдерін оқыды. Балалар «Айна алдында» өленің сахналауға қатысып, өздерін актер ретінде сынап көрді. Оларға бұл өте ұнады. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды.