«Айбарлы асқар елді асқақтар»

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай балалар кітапханасының ұжымы  «Айбарлы асқар елді асқақтар» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шара барысында
балалар Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының баптарымен танысты. Білімдерін бекіту мақсатында «Мен білемін бе…», «Бір сөзбен» атты интеллектуалды ойындар, «Полиглот» викторинасы өткізілді. Балалар қазақ, орыс, неміс тілдерінде өлеңдер оқыды. Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Іс-шараға облыстық балаларды қолдау орталығының (ОҚО) тәрбиеленушілері қатысты.

Комментарии запрещены.