«Әділдіктің жаршысы»
18.03.2024 ж. Орталық қалалық кітапханасының қызметкері Ы. Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларына Шорман би Күшікұлының туғанына 225 жылдығына орай «Әділдіктің жаршысы» тарих сағатын өткізді. Шарада Шорман бидің «қара қылды қақ жаратын» әділдігі ел аузында аңызға айналғаны, оның төрелігіне тек Баяннан ғана емес, бүкіл Кереку өңірінің түпкірінен келетін болғанын, сонымен қатар Шорман би жер дауын шешу, жалпы қазақтарды жерге орналастыру мәселелері бойынша 1822 жылдан бастап Шоңмен бірге Батыс сібірдегі отарлық әкімшілікке бірнеше рет хат жолдап, Шоңның тапсыруымен Тобыл, Омбы, Кереку, Қызылжар қалалары мен Ірбіт, Үркіт (Иркутск) жәрмеңкелеріне барғанғаны, 1830 жылы Омбыға, 1832 жылы Тобылға барып, губернаторға жолыққаны жөнінде деректері жайлы тоқталып кетті. Баянауыл округі ашылғанда Шорман би аға сұлтанның орынбасары болып тағайындалғандығы, Шоң би қайтыс болғаннан кейін оның орнын басқаны жөнінде көптеген мағлұматтар берілді. Оқушыларға Шорман Би өмірбаяны туралы қызықты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, оқушыларға видеоролик көрсетіліп, «Билер сөзі – нақылдың көзі» кітап көрмесіне шолу жүргізілді.