«Әдебиеттегі әйел бейнесі»

7 наурыз күні №2 балалар кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне орай № 25 ЖОББМ 9 сынып оқушыларына «Әдебиеттегі әйел бейнесі» атты әдеби подиумы өткізілді. Әйел-көктем, әйел-гүл, әйел-әдеміліктің символы! Бірақ нәзік әйелдің бойында әлемге ықпал ете алатын алып күш бар. Өйткені ол-Ана, бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Өмірге саналы ұрпақ әкеліп, оған дұрыс тәрбие беру арқылы қоғамды алға жылжытады. Өзінің даналығымен, ақылдылығымен елдің анасына айналып тарихта аты қалған аналарымыз, қыздарымыз қаншама?!
Кітапханашылар әлем әдебиетінің кейіпкерлері: Скарлет О Хара, Анна Каренина бейнелерінен бастап, қазақ әдебиетінен Ұлпан, Ақбілек, Сұлушаш, Қамар сұлу, Ботагөз сынды әйел бейнелері жайлы қызықты, пайдалы ақпарат беріп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Шара соңында қыз балаларға тәттілер таратылды. Көлемді аттас көрме-инсталляция дайындалды.

 

Комментарии запрещены.