2025 жылдың 11 желтоқсанында 18 ЖОББМ-нің 9 «В» сынып оқушыларына «Адамның құқықтары мен міндеттері» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар құқық саласы бойынша мазмұнды әрі пайдалы базалық білім алды. Олар құқыққа қатысты даналық сөздерді оқып, талдады. Бұдан кейін «Жауапкершілік – жақсы» атты викториналық ойын ұйымдастырылып, онда жоғары сынып оқушылары ұсынылған жағдайларды талдау арқылы өз пайымдай білу қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар «Заң қатал – бірақ бұл заң» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды.

















