«Адам сәні – еңбек»

19 қыркүйек күні Малайсары батыр атындағы мектептің кітапханасында мектептің 6 сынып оқушылары үшін еңбек күніне орай «Адам сәні – еңбек» атты ақпарат сағаты өткізілді. 2013 жылдан бастап мереке ретінде өтетін «Еңбек күні» қыркүйек айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Іс-шара барысында кітапханашы оқушылармен еңбек деген не, еңбектің адам өмірінде маңыздылығы, еңбек құндылығы, еңбектің пайдасы туралы айтып өтті, тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасады.
Мектептегі еңбек күнін мерекелеу аясындағы өткен іс-шара оқушыларға әр адамның өміріндегі еңбектің құндылығын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Комментарии запрещены.