Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. Ол көпбалалы отбасында өмірге келіп, тоғыз ағайынды болған. Бірақ ауыр тұрмыс жағдайы мен сол кезеңнің қиыншылықтарына байланысты бауырларының барлығы шетінеп, Мәлік қана аман қалады. Бала кезінен зерек, білімге құштар болған Мәлік ауыл мектебінде жақсы оқып, кейіннен жоғары білім алып, ұстаздық жолға түседі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейін ғылым мен білім саласында еңбек етіп, қазақ әдебиеті мен фольклорын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осыған орай №35 жалпы орта білім беретін мектепте Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлігіне арналған «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» тарих сағаты өткізілді. Шараға 35 мектептің оқушылары қатысып, батырдың өмір жолы мен еңбектері туралы тың деректермен танысты.















