Қазақстанда философ, ақын, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл – Абай күні салтанатты түрде атап өтіледі. Осы мерекеге орай 2024 жылдың 6 тамызында М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қамқоршыларына «Абай-ұлы тұлға» атты портрет кешін өткізді. Жазғы алаңда «Абайды оқы, таңырқа…» атты интерактивті әдеби көрме ұйымдастырылды, онда әркім ұлы ойшыл, данышпан ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын және ол туралы абайтанушылардың кітаптарымен танысты.
Іс-шараның жүргізушілері Абай өмірінің ең маңызды сәттері, оның балалық шағы, жастық шағы, шығармашылығы және қазақтың ұлы, әйгілі ойшылының өмірінен көптеген қызықты фактілер туралы айтып берді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері қазақ поэзиясының шыңы, ұлы ақын А.Құнанбаевтың шығармалары бағалы мұра екенін атап өтті. Біздің міндетіміз – бүкіл әлем халқы табынатын ұлы ақынның мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау, 10 тамыздың Абай күні ретінде аталып өтілуі біздің еліміз үшін және барлық қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш болып табылады. Іс-шара барысында «Мен бір жұмбақ адаммын…» атты сөзжұмбақ шешу, мозайка құрастыру, шатыр астында үстелдер қойылып, ақынның сүйіп ойнаған шахмат пен тоғызқұмалақтан сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ әлемнің әртүрлі тілдерінде жазылған ақынның әндері мен өлеңдері шырқалып, оның тәлім-тәрбиелік сөздері айтылды.