«Шертпе күйдің шебері» атты ақпараттық сағат 35 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына қазақтың ұлы күйші-композиторы Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай «Шертпе күйдің шебері» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Тәттімбеттің өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру, қазақтың күй өнері мен шертпе күй дәстүрінің маңызын ұғындыру.
Ақпараттық сағат барысында: Тәттімбет Қазанғапұлының өмірбаяны мен күйшілік мұрасы туралы баяндама оқылды; Күйшінің «Саржайлау», «Бестөре», «Қосбасар», «Сылқылдақ» күйлерінің шығу тарихы талқыланды; Оқушылар арасында викторина ұйымдастырылып, күй өнері туралы сұрақтар қойылды; Домбырашы оқушылар Тәттімбеттің күйлерін орындап, шертпе күйдің ерекшелігін көрсетті.
Шара соңында қатысушылар күй өнерінің құдіретін сезініп, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды.