5 ақпан күні № 2 балалар кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қалам ұшындағы құдырет» әдеби сағаты өткізілді. Іс-шараға № 25 ЖОББМ 7 «В» сынып оқушылары қатысты. Республикалық акцияның мақсаты-қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2025 жылы Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жанр бойынша екі автор таңдалды: Проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқу ұсынылды. Поэзия жанры бойынша Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жүмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды. Екі қаламгердің шығармашылығына арналған әдеби кітап көрмесін жыл бойы тамашалауға болады.