«Д.Бағаев – фотограф, өлкетанушы»
№3 көпшілік кітапханада өлкетанушы, фотограф Дмитрий Багаевтың 140 жылдығына орай «Д.Бағаев – фотограф, өлкетанушы» фотогалереясы өтті. Дмитрий Багаев қала мен облыстың жарты ғасырлық фотохроникасын жасады. Оның бастамасымен 1942 жылы Павлодар қаласында 1946 жылдан бастап келушілер үшін ашық облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырылды.