4 ақпанда №3 кітапханасында «Тілтаным» үйірмесінің мүшелерімен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сұрақ-жауап өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын үйрету және оларды ауызекі сөйлеуде қолдану. Викторина барысында қатысушылар келесі байқауларға қатысты: «Мақалдар» – берілген мақалдардың жалғасын тауып, қазақтың даналығын көрсетті. «Жұмбақтар» – жұмбақтардың шешімін тауып, олардың астарлы мағынасын ашты. «Жылдам жауап» – сұрақтарға шапшаң жауап беріп, өз білімдерін дәлелдеді. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, тіл мәдениетін дамытуға және қазақ фольклорына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.