«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына қалай қатысуға болады? Құрметті «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ оқырмандары, сіздер сауалнамаға eGov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы түрлі жанрдағы үздік 10 шығарманы енгізіп, сүйікті кітаптарыңызды таңдай аласыздар.Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады.Сауалнама нәтижесі 10 тамыз — Абай күнінде жарияланады. Құрметті кітапсүйер оқырман сүйікті кітабыңызды бірге таңдап, ұлттық әдебиетке үлес қосыңыз!
