«Рухани келісім –халықтың байлығы» рухани сағаты

18 қазан күні Мүбәрак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде №5 ЖОББМ-нің 7 «в» сынып оқушыларына арналған «Рухани келісім –халықтың байлығы» атты рухани сағатын өткізді. Мақсаты: «төзімділік» сөзімен таныстыру және бір-біріне деген сыйластық сезімдерін дамыту.

Кітапханашы  Микушина Любовь Степановна балаларға кездесуіміз бірге өмір сүруді үйрену, бір-бірімізді осы қалпымызда қабылдауға және бір-бірімізбен түсінісуімізді үйренуге арналғанын ұғындырып, түсіндірді. Және де «Қане, бір-бірімізге сәлем берейік» ойынын ойнауға ұсынды. Оның мақсаты – әлемнің әртүрлі халықтары арасындағы сәлемдесу тілінің алуан түрлілігін көрсету. Содан кейін оқушылар «Барлығы өз қолыңда» астарлы әңгіме – мультфильмін қарап, «Біз немен ұқсаймыз» жаттығуына қатысты.

Бағдарлама жалғасында: Қазақстандағы Рухани келісім күні туралы әңгімелесті; «Рухани татулық – бірлік пен шоғырланудың негізі» және «Әртүрлі ұлттардың балалары» бейнероликтерінің қаралуы; «О гвоздях» астарлы әңгімесімен танысу; «Бұл не болды екен?» ойынына балалардың белсене қатысулары, «Қалып қойған сөзді орнына келтір» мақалдар сайысына қатысулары, «Афоризмдарды қос» сайысы; Оқушылардың «Төзімділік деген не» өлеңін оқулары; «О доброте» мультфильмінің қаралуы.

Комментарии запрещены.