9 ақпанда Ленин кентіндегі №3 көпшілік және №5 балалар кітапханаларының қызметкерлері Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің концерт залында №31, 32, 33 мектептердің
жоғары сынып оқушылары мен ардагерлер кеңесінің мүшелеріне Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымын өткізді.
Алдымен жиналғандар назарына «Елбасының кітаптары» атты слайд-презентация ұсынылып, одан кейін кітапханашылар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының мазмұны мен маңызына тоқталды. Кең форматты «Елбасының кітаптарын оқи отырып» атты бейнеролик көрсетілді. Осы тақырыпта №32 мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.К.Жайдақбаева мен «Қамқор» көмек көрсету және оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры С.З.Сәрсенбаева сөз сөйледі. Шараға 120 оқушы мен 30 үлкен адам қатысты.