9 ақпанда №7 балалар кітапханасы «Адам және табиғат» кешенді бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығымен бірлесіп №16 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушыларына «Экология және біз» атты экология сағатын өткізді. Мақсаты. туған өлкенің табиғи байлығын бағалай білуге үйрету.
Шараны жүргізген кітапханашы Айгүл Дүйсембекованың экология ғылымы нені зерттейтіні және біздің қаламыздың экологиялық проблемалары туралы әңгімесінен кейін, экология тақырыбына викторина мен конкурс ұйымдастырылды. Балалар қоршаған ортадағы өсімдіктер, құстар мен жануарлар туралы өз білетіндерін бөгелмей айту керек болды. Олар сыннан мүдірмей өтті. «Болашақ» балалар клубының мүшелері «Табиғат – тіршілік тірегі» тақырыбында өлеңдер оқып, әндер шырқады. Табиғатты сақтау туралы бейнероликті тамашалады. Кітап көрмесіне шолу жасалды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кәде-сый жасалды. Шараға 35 бала қатысты.