29 қыркүйекте М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы Instagram және Facebook жазылушыларының назарына «Павлодар облысының киелі объектілері» жобасының «Павлодар Ертіс өңірінің киелі байлығы» үшінші бағыты шеңберінде «Тарих қолтаңбалары» бейнетаспасын ұсынды. Мақсаты: жас ұрпақты рухани тәрбиелеу.
Бейнеролик Ақкөл көлінің солтүстік-батыс жағалауындағы Қаражар ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан Әулиекөл археологиялық кешенінің қазба жұмыстарымен таныстырылды. Материалдар қимақ заманының қорғандары, кейінгі қимақтардан ерте моңғол кезеңіне өту және Алтын Орда кезеңінің екі кесенесімен ұсынылған. Сондай-ақ, мұнда 13-14 ғасырлардағы пештердің қалдықтары табылды. Ақкөл-Жайылма аумағында ерте орта ғасырларда өмір сүрген жергілікті халықтың жерлеу ғұрпындағы дәйекті өзгерістерді қадағалау мүмкіндігі Әулиекөл көліндегі ескерткіштерді Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бірегей және эталондық ескерткіштері қатарына қояды.