Құқықтық лекторийдің кезекті сабағы

30 қаңтарда Ленин кентіндегі №3 көпшілік кітапханасы №31, 32, 33 мектептердің жоғары
сынып оқушыларына «Заң және заман» құқықтық лекторийі аясында сұрақ-жауап кешін
өткізді. Мақсаты: жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру, ішімдік пен құқық
бұзушылықтың алдын алу.

Оқу залында
арнайы кітап көрмесі жабдықталды. Шараны жүргізген кітапханашы Галина
Владимировна Цаплина өз сөзінде жеткіншектердің ішімдікке ерте үйір болуы,
содан түрлі құқық бұзушылықтың орын алуы үлкен проблема болып отырғанын ,
онымен түбегейлі күрес жүргізу керектігі туралы айтты. Сұхбат түрінде ішімдікті
алғаш рет ішуге не итермелейтіні, мас болу неге алып келетіні, жастардың қылмыс
жасауына не себеп болатыны туралы пікір алмасу өрбіді.

Осы жолы оқушылар
Павлодар қаласы солтүстік полиция бөлімінің инспекторы, капитан Мұхтар
Тоқтарұлы Қасеновпен кездесті. Ол өз жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып,
жеткіншектердің мас күйінде жасаған қылмысының зардаптары; полиция бөліміне
түскенде, медициналық тексеруден өтіп, бірегей деректер базасына қойылатыны,
оқуға немесе жұмысқа түсерде анықтама алғанда, ол тізімнен шығып, белгілі бір
қиындықтар туындайтыны туралы айтты. Кәмелетке толмағандар ісі үшін ата-аналары
жауап береді. Сондай-ақ инспектор жастардың сұрақтарына нақты жауап берді.

Іс-шараға
мектептердің кітапханашылары да қатысты. Кітап көрмесіне шолу жасалды. Құқықтық
шараға 37 оқушы қатысты. 

VECER-VOPROSOV-I-OTVETOV-024.th.jpg VECER-VOPROSOV-I-OTVETOV-032.th.jpg VECER-VOPROSOV-I-OTVETOV-037.th.jpg

Комментарии запрещены.