«Спорт — менің өмірімде» атты кездесу кеші

30 қаңтарда  №2 балалар кітапханасында «Спорт – денсаулық кепілі» мақсатты кешенді бағдарлама аясында №25 мектеп 5 «Д» сыныбының 15
оқушысына арналып «Спорт — менің өмірімде» атты кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты:
балаларды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, еліміздің танымал
спортшыларымен таныстыру, акробатика туралы әңгімелеу.

«Спорт
— менің өмірімде» сұхбат әңгімесінен балалар салауатты өмір салты, спорттың пайдасы
туралы білді. Өздері де волейбол, еркін күрес, каратэ, шахмат, тоғызқұмалақ
ойындарымен әуестенетінін айтты.

Тақырыптық кітап сөресіне қойылған «Қазақстан — спортшылар елі», «Спортивный
Казахстан», «Жас шахматшы
энциклопедиясы. Энциклопедия юного шахматиста» энциклопедиялық анықтамалықтары,
«Қазақ олимпиадашылары» екі томдық кітабы, «Спорт, музыка, грация:
художественная гимнастика» альбомы
бойынша шолу жасалды.

Кітапханашылар спорттың бір түрі — акробатикаға
толығырақ тоқталды. Акробатика-ептілік, алғырлық, елгезектік, күштілік, өзін
тепе-теңдікте ұстауға үйрететін жаттығулары мол гимнастиканың бір бөлігі.
Акробатикамен балалық шақтан шұғылданып, жаттығуларын әрдайым жасау қажет.
Егерде адам бала кезінен жүзуді, велосипед тебуді үйренсе, отыз жылдан кейін де оны ұмытпайды. Ал акробатикада сәл
ғана уақыт үзіліс болса, спортсменнің дайындық деңгейі төмендейді. Сонымен
қатар «Акробатика» атты бейнероликті
тамашалады. Кездесу кешінің танымдық пайдасы мол болды.

1ea635e173c80dc48.th.jpg 2.th.jpg

Комментарии запрещены.