Дөңгелек үстел: «Павлодар өңірі – бейбітшілік пен ынтымақ аймағы»

19 қаңтарда №5 балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодар облысының 80 жылдығына
арналған №33 мектептің 8 «в» сынып оқушыларымен «Павлодар өңірі – бейбітшілік пен ынтымақ аймағы» атты дөңгелек
үстел өткізді. Іс-шараға Ленин кентінің қарт тұрғындары: Ленин кенті советінің
бұрынғы төрағасы, ҚР ТЖМ құрметті ардагері Ы.З.Кәрібаев пен ардагерлер
кеңесінің төрайымы, бұрынғы әскери есеп үстелінің маманы Ұ.Ә.Рахманова
шақырылды.

Кітапханашылар облысымыздың өткен тарихында экономикамыз бен мәдениетіміздің өркендеуіне халықтың ынтымағы арқасында қол жеткенін атап өтті. Ұрқия Әбдіхалыққызы Отан
соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің жеңіс жолындағы қажырлы күресіне,
тың жерлерді игерудегі осы кенттің тұрғындарының игі істеріне тоқталды.

Ыбырай Зекенұлы Ленин кентінің тарихы туралы әңгімеледі. Жеке өзінің бірнеше рет Мәскеуге хат жазуының арқасында елді мекен Павлодар қаласының құрамына енген. Оқушылар
кітапхананың қонақтарына сұрақтар қойды.

Шара соңында Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінің қызметкерлері Жасқайрат Қайдарұлы Орынбаев пен Алмат Жасқайратұлы Орынбаев музыкалық
нөмірлер орындады. Кітапханашы Маржан Елеубайқызы Нұрғажинова «Павлодар
облысына – 80 жыл» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

KRUGLYI-STOL-1.th.jpg KRUGLYI-STOL-2.th.jpg KRUGLYI-STOL.th.jpg

Комментарии запрещены.