Бүгін Орталық қалалық кітапханасы мен қалалық Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күні аясында «Қоңыр үнді домбыра» атты шарасы өтті. Атақты композитор, домбырашы, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орайластырылды.
«Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалының бірінші орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Маликова ұлттық аспаптың қазақ салтындағы маңызына тоқталса, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының орынбасары Ерлан Мақсұтұлы Қабдылов домбыраға қатысты ырымдарды сөз етті.