Ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер . А. Құнанбаевтың 10 – тамыз Абай күніне орай «Адамзаттың Абайы» атты онлайн-форматта әдеби вернисаж өткізілді. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Не іздейсің көңілім», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты» және т.б. әндері арқылы халықтық ән шығармашылығына жаңа ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнді қолданудың жаңа қағидалары ендірілді. Абай халықтық музыка қорын ырғақтық ән өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды.