25.08.2021 Орталық қалалық кітапханасының Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында ақын, жазушы, Торайғыров университетінің профессоры Серік Елікбайдың ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. «Мәшһүрдің мұңы» атты романы бойынша бүгінгі қазақ әдебиеті туралы ой-толғаныс болып өтті. Шараны ұйымдастырушы Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Аталмыш шараға Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зәуре Әбусағитқызы және кітапхана меңгерушілері, кітапхананың тұрақты оқырмандары да қатысты.
Ақын Серік Елікбай шара бойы бүгінгі қазақ әдебиетінің кеше, бүгін, ертеңі туралы өз ой-толғаныстарын кеңінен әңгімелеп берді. Шараға қатысушылар, оқырмандар кітап авторына көкейдегі сауалдарын жолдап, оларға тұшымды жауаптар да алынды. Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптарынан, жергілікті мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалаларынан «Қайсар қалам қуаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды