15 маусымда күні М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасында № 5 ЖОБ мектеп лагері оқушыларына арналған «Өрт кезінде 101-ді» шақырамыз». Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина ежелден от адамның серігі болғанын және оған адал қызмет еткенін айтты. Егер сіз абайламасаңыз, өрт қауіпті болуы мүмкін. Содан кейін, жиналғандардан өрттің себептері туралы ойлануды және сол апаттарға кімдер жауапты болуы мүмкін екендігін сұрады.
Бағдарлама жалғасында: «Это я, это я, это все мои друзья» ойыны; балалар жазушыларының шығармаларына негізделген «Қауіпті ертегі» сұрақ-жауабы; «Ия-Жоқ», «Сұрақ-Жауап» ойындары; «Білгірлер» сұрақ-жауабы; «Жұмбақтар» мен «Мақалды құрастыр» сайыстары; «Өрт сөндіруші мамандығы» блиц-турнирі болды. Шара соңында кітапхана қонақтары «От… — дос па, әлде, қас па?», «Фикси-кеңестер Абайлаңыз, от» бейнебаяндарын қарап, «Кошкин дом» мультфильмін тамашалады. Қатысқандар: 12 балалар.