Елімізде 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел-бір кітап» республикалық ақция аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма сынды бес жанр бойынша 30 үздік шығарма жалпыхалықтық оқуға таңдалды.
Осы таңдаулы 30 кітаптар ішіне балалар әдебиеті жанры бойынша ауыл мектебін, ауыл мұғалімдерін жақсы суреттеген Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» повесі енгізілді.
Повестің бас кейіпкері Мұрат, ауылдық мектептің 5 класс оқушысы. Өз қатарындағы балалар арасындағы өте нәзік, жиі ауырып қалатын. Сондықтан оны анасы көп балалармен ойнауға жібермейтін, дене шынықтыру, спортпен айналысуға рұқсат бермейтін. Оның үстіне бокс үйретуге құштарлық білдірген мұғалімі қабылдамай тастайды. Мұрат намыстанып өз бетімен бокска дайындала бастайды. Мұрат алға қойған мақсатына бірден жетпейді. Оның алдынан талай қиындықтар, кедергілер кездеседі. Бірақ жігерлі талабының, еңбексүйгіштігінің арқасында ол он алты жасында бокстан әлем чемпионы атанады. Повесте Мұраттың образы өте нанымды, шебер суреттелген.