?Қымбатты балалар, Халықаралық балалар күні құтты болсын!!!
«Балалық шақ — бақытты уақыт»
Маусымның 1 күні Халықаралық балаларды қорғау күні тойланады. Мерекенің тарихы 1925 ж. басталады. Мерекені өткізу туралы шешім балалардың әл-ауқатының мәселелеріне арналған Женева қ. Дүниежүзілік конференциясында қабылданды. 1950 ж. бастап, жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні бүкіл әлемде өткізіледі. Бұл балалардың көңілді мерекесі ғана емес, бұл барлық балалар бақытты болып өсуі, білім алуы, өздері сүйетін іспен айналасуы, болашақта керемет ата-ана және өз елінің азаматы болып өсуі үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ескерту.