29 қазанда № 21 ЖОБМ кітапханасының оқу залында 7 «Б» сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жылдығына арнап, «Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы» еске алу кеші өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы жазушының мұрасымен таныстыру және оның музыкалық және көркем шығармашылығын насихаттау. Сондай-ақ, оқырманның ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балаларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Қаламгерлердің қатарында, ақын әрі жазушы, драмашы әрі аудармашы, ұстаз әрі, ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Оның дарындылығы халықтың көзіне бірден түскен. Сонымен бірге, актер әрі сазгер, режиссер болды.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында дүниеге келген. Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып үйренген. Павлодарға барып орыс-қазақ мектебіне түседі.Әке-шешесі соған қарсы болып (мектеп алыс жерде орналасқан), дегенмен оқу орнына жіберіп қояды. 1918 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясын аяқтап шығады. Оқу кезінде ол А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов және ұлттық интеллигенцияның басқа өкілдерімен бірге «Алаш» партиясының жұмысына белсенді қатысады. Оқушылар «Ж.Аймауытов. Ақын, романист, драматург» бейнероликті тамашалады. Ары қарай Белгібай Амина мен Айтуғанова Жұлдыз «Қартқожа», «Ақбілек» романдарынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар балалар Ж. Аймауытов атындағы театрдың тарихымен танысты. «Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы» слайд – презентациясы көрсетілді. Шара соңында «Ел жүрегінде қалған есім» кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқандар 18 адам.