23 сәуір күні Орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында «Сізге айтатын тағы сөзім бар…» ардагерлер клубының мүшелері мен Кітапхана достары үшін Павлодар ақыны Татьяна Михайловна Панинаның «Жүрек түбінен шыққан сөз…» атты жаңа кітабының тұсаукесеріне арналған және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған «Жаным менің Қанатты» бенефисі өтті.
Іс-шара басында жүргүзуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина барлық қатысушыларды кітап мерекесімен құттықтап, Дүниежүзілік кітап күнінің шығу тарихын, осы мерекемен байланысты дәстүрлерді, бүгін қандай мәдени іс-шаралар өткізіліп жатқанын және 2019 жылы Дүниежүзілік кітап астанасының атағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласына көшкенін хабарлады.
Т. М. Панинаның досы болып табылатын Светлана Ивановна Чистякова оның өмір жолы мен еңбек өмірбаянының беттері туралы айтып берді. Татьяна Михайловна Панинаның «Жүрек түбінен шыққан сөз…» атты жаңа өлеңдер кітабын ұсынды.
Іс-шара қонағы-павлодарлық ақын, композитор және «Славян мәдени орталығы» ЭМБ төрағасының орынбасары Людмила Николаевна Бевз кітап баспасына белсене қатысып, Татьяна Михайловна өлеңдерінің тақырыптарына таңданысын білдірді. Татьяна Михайловнаның достары, жанкүйерлері мен әріптестері – Галина Васильевна Самойлик, Наталья Васильевна Борисовская, Валентина Федоровна Третьякова, Лариса Проненко және т. б. алғыс сөздерімен сөз сөйледі.
Іс-шараға «Менің отбасым – менің байлығым» атты слайд-презентация дайындалды. Қатысқандар-25 адам.