19 сәуір күні сағат 15.00-де № 17 көпшілік кітапхананың оқу залында аса көрнекті қазақ ғалымы, геолог, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы, өлкеміздің мақтанышы Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған «Еліміздің мәртебесін көтерген ғалым» атты өлкетану сағаты өтті. Бұл шараға № 7 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Қазақстанның геологиясына бүкіл өмірін арнаған ғалымның өмірбаянымен және ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арнағаны, Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңіргені, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізгені туралы деректерді к/к меңгерушісі А.Қ. Жармағамбетова жастарға баяндады. Сонымен қатар жастарға қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамыту жайлы жазылған әр жылдардағы ғылыми мақалалары мен кітаптары қамтылған Қ. Сәтбаевқа арналған кітап көрмесімен таныстырды. Қатысқандар саны-14 оқушы