«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай №43 мектебінің 7-сынып оқушыларына «Темекі шегу – зиян» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар темекі шегудің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы білді. Кітапханашы темекі түтінінің құрамындағы зиянды заттар, сондай-ақ темекі өнімдері мен электронды темекіні қолданудың зардаптары туралы әңгімеледі. Оқушылар «Темекі туралы», «Сіз білесіз бе?», «Сенесіз бе?» атты викториналарға, «Сөз сайысы» ойынына белсене қатысты. Сонымен қатар «Темекі сатушы» атты көріністі сахналап, мақал-мәтелдерді еске түсірді. Салауатты өмір салтын ұстанудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын талқылады. Іс-шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шараға орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

















