Жаңа Жолдаудың негізгі тезистері мен міндеттері»

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» тақырыбында жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Осыған байланысты, ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында Ә. Марғұлан атындағы педагогикалық университет студенттеріне «Жаңа Жолдаудың негізгі тезистері мен міндеттері» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің одан әрі дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, экономиканы нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ жасанды интеллектіні дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолдар мен әлеуметтік нысандар салу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар Президент қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың, заңдылық пен тәртіпті сақтаудың, әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырудың Жолдауда Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалған.
Өткізілген іс-шара қатысушылардың еліміздің даму басымдықтары туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы әрбір азаматтың маңызын түсінуге ықпал етті.

Комментарии запрещены.