№43 мектептің 8-сынып оқушылары үшін Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған «Алғашқы қазақ ғарышкері» атты жұлдызды сағат өткізілді. Оқушылар ғарышкердің өмірі мен кәсіби жолымен танысып, оның сынақшы-ұшқыш ретіндегі жетістіктері мен ғарышқа ұшуы туралы қызықты деректер білді. Оқушылар викторинаға қатысып, ғарыш пен ғарышкерлік туралы сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында білім алудың, өз білімін жетілдірудің, өз күшіне сенудің және алға қойған мақсатқа табандылықпен ұмтылудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады. Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, оқушылардың Қазақстанның отандық ғарыш саласының тарихы туралы білімдерін кеңейтті.















