«Еңбек етсең ерінбей»

23 қыркүйек күні кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Еңбек күніне арналған «Еңбек етсең ерінбей» атты мамандар күні өткізілді. Шараның мақсаты – еңбекті дәріптеу, түрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен қоғамдағы маңызы туралы ақпарат беру, оқырмандарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және өз ісіне адал болуға тәрбиелеу. Кездесу барысында әртүрлі мамандықтар туралы қызықты мәліметтер беріліп, еңбек адамының кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар еңбек, кәсіп және мамандықтар тақырыбындағы кітаптар мен әдебиеттер таныстырылды.

Комментарии запрещены.